«Сыроварнядағы» Жаңа жылдық банкет
105 қонаққа арналған кең зал, бас аспаз әзірлеген банкет мәзірі мен мерекелік шоу-бағдарлама — бәрі бір бағаға кіреді. Желтоқсан айына тапсырыс қабылдау басталып кетті.
₽₽₽
«Dostyk Plaza» СОО,
Самал-2 шағын ауданы, 111
15 минуты тегін, одан кейін сағатына 500 теңге
бас аспаз
Владимир Горбатенко
Владимир Горбатенконың аспаздық өнерге деген қызығушылығы бала кезінен, әжесіне асүйде көмектесіп жүрген кезінен басталған. Ол ауылда әжесіне бәліштер мен торттар пісіруге жиі көмектесетін. Осылайша оның бойында бала күнінен дәмді тағамдар әзірлеуге деген сүйіспеншілік қалыптасты. 16 жасында ол батыл қадам жасап, қаладағы ең беделді мейрамханаға аспаздың көмекшісі болып жұмысқа орналасады. Оның бұл талпынысы мен табандылығы жоғары бағаланады.
Владимир Ш. Уәлиханов атындағы университетте «Мейрамхана ісі және қонақүй бизнесі» мамандығы бойынша білім алған. Еңбек жолында Қазақстанның түрлі қалаларында тәжірибе жинақтады. Алматыға келгенге дейін Астана, Бурабай, Петропавл және Көкшетау қалаларында жұмыс істеді. Бұл тәжірибе оның кәсіби шеберлігін шыңдап, әр өңірдің гастрономиялық ерекшеліктерімен жақынырақ танысуына мүмкіндік берді.
Бүгінде Владимир Горбатенко Алматыдағы «Сыроварня» мейрамханасының асүйін басқарады. Ол мейрамхананың өзіндік ерекшелігін сақтай отырып, әр тағамға өз қолтаңбасын қосып, аспаздық шеберлігі мен тың идеяларын ұштастырып келеді.
Алматының гастрономиялық әлемі тағы бір ерекше орынмен толықты, Аркадий Новиковтың Syrovarnya мейрамханасы ашылды. Аумағы 1000 м² болатын мейрамханада кафе, бар, негізгі зал және жасыл желекке оранған кең веранда бар. Интерьерде табиғи ашық түсті материалдар, көзге жайлы жұмсақ жарық пен қазақы ою-өрнектер үйлесім тапқан. Мұның бәрі мейрамханаға ұлттық нақыш пен ерекше жылылық сыйлайды. Ашық асүйде қонақтар тағамдардың қалай дайындалатынын өз көздерімен тамашалай алады. Ал мейрамхананың өзінде дайындалатын ірімшік әр тағамға ерекше дәм беріп, ас мәзірінің басты ерекшелігіне айналған. Syrovarnya — жай ғана мейрамхана емес, қайта-қайта оралғыңыз келетін ерекше орын. Мұнда қонақтарды тіл үйірер тағамдар, жайлы атмосфера және табалдырықтан аттаған сәттен-ақ сезілетін ерекше көңіл күй күтеді.
Үстелге тапсырыс беру
Маңызды сәтте сүйікті мейрамханаңыздан орын табылуы үшін өзіңізге ыңғайлы күн мен уақытты таңдаңыз.